Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеуін жеңіспен бастады

/
Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеуін жеңіспен бастады
Фото: Әлихан Сариев

2027 жылғы әйелдер футболынан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы өз алаңында Арменияны қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бегайым Қырғызбаева бас бапкер қызметіне тағайындалғаннан соң алғашқы матчында Арменияны жеңді. Ойын «Астана Аренада» өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Александра Бурова, Анелья Мамырова мен Бибігүл Нұрышева көзге түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Команда келесі ойынды 7 наурыз күні Астана қаласында Беларуське қарсы өткізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары