Алматыда түзету орталғының маманы балаға күш қолданған сәт камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

/
Алматыда түзету орталғының маманы балаға күш қолданған сәт камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Феникс" түзету орталығында болған оқиға қызу талқыға түсті. Бейнежазбадан ер адамның балаға күш қолданған сәті таспаланып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл оқиға желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

"Мына жағдай Алматы қаласындағы "Феникс" түзету орталағында болған. Мен де ерекше бала тәрбиелеп отырған анамын. Мұндай күш қолданып, түзету жұмысын жасайтын мамандарды орталықта ұстаудың қажеті жоқ. Мықтылығын спорт залдарында көрсетсін. Айдалада отырып менің жүрегім қарс айырылып отыр. Барынша репост жасап, осы маманның жауапқа тартылуын талап етейікші", - деп жазды Назерке Асылбек есімді аналардың бірі.

Оның бұл жазбасы мыңдаған адамның пікір білдіруіне әсер еткен. Сондай-ақ ол жазбасының ескерусіз қалмағанын алға тартты.

"Камера жазбаларынан тағы да ақпараттар анықталуда. Мұндай озбырлық түрлерін осы маманнан басқалары да қолданады екен. Оперлар алып кетіпті, іс қозғалып бастады. Мәселе мамандарда ғана емес, олардың кәсібилігіне немқұрайдылық танытқан басшылықта да болса керек. Бұл орталыққа түбегейлі тексеріс жасалуы тиіс. Қоғамдық резонанс болуын қамтамасыз етейік, мейірімді, сауатты жандар!", - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар