Алматыда мас жолаушы әйелді қорғамақ болған азаматтың қабырғасын сындырған

/
Алматыда мас жолаушы әйелді қорғамақ болған азаматтың қабырғасын сындырған
istockphoto.com

Алматыда №56 автобустың жолаушысы басқа ер адаммен жанжалдасып, екі қабырғасын сындырған. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ол мас күйдегі жолаушы тиісіп, мазасын алған әйелді қорғауға тырысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленушінің жақындарының сөзінше, оқиға таңғы сағат жетілер шамасында болған. Ер адам мас жолаушыдан әйелге қатысты әдепсіз әрекеттерін тоқтатуды сұраған. Алайда ол агрессия танытып, ер адамды автобустан түсіріп алып, соққыға жыққан.

Салдарынан жәбірленушінің екі қабырғасы сынған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі шақырылған.

Полиция мәліметінше, жанжал 6 қарашада №56 бағыттағы автобуста болған. Оқиға салдарынан қатысушылардың бірі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары