Қостанайда жасөспірім террористік акт туралы жалған хабарлама таратқан

/
Қостанайда жасөспірім террористік акт туралы жалған хабарлама таратқан
Polisia.kz

Ол сауда орталықтарының бірінде террорлық шабуыл туралы жалған хабарлама таратқан.

"Істі қарау нәтижелері бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға пробациялық бақылау белгілеп, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Сондай-ақ полиция қазақстандықтарға террористік акт туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары