Аяз, жаңбыр мен боран: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Аяз, жаңбыр мен боран: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

Қазақстанның 17 облысында бүгін, 20 ақпанда ауа райының қолайсыздығы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түнде және таңертең орталық, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желдің екпіні кейде 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары мен Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қар, боран, көктайғақ, тұман.

Түнгі температура кей өңірлерде -10…-20 °С дейін төмендейді.

Жамбыл, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, желдің 15-25 м/с күші байқалады.

Қызылордада кей жерлерде көктайғақ және тұман.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары