«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелді:
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолы, 367-473-шақырым (Келлеровка ауылы – Бескөл ауылы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолы, 407-429-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье ауылы).
Ақмола облысы
• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 18-232-шақырым (Астана қаласы – Щучинск қаласы).
Ақтөбе облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 0-234-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 11-337-шақырым (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы);
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 965-1240-шақырым (Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 1240-1362-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 234-385-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка елді мекені).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолы, 337–346 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Павлодар облысы
• «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді өткізу пункті)» автожолы, 0-263-шақырым (Атамекен кенті – РФ шекарасы);
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.