Оңтүстік аймақтарда әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

/
Оңтүстік аймақтарда әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника жүтеніні хабарлайды.

Осы күндері Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі.

"Осыған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", - дейді министрлік.

Қаңтар айында Ақмола облысында тас жолда әскери техника жүріп өткен болатын. Алайда қозғалыс Ақмола облысының тұрғындарын алаңдатты. Ол кезде де Қорғаныс министрлігі бұл техниканың жоспарлы қозғалысы деп түсіндірген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары