Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті

/
Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті
istockphoto

Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті. Алдағы уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғып, кпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Астанада күндіз жаңбыр мен қар жауы, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел батыс және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–18 м/с-қа дейін барады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында және таулы аймақтарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, өңірдің солтүстігінде қалың қар жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде тұман мен көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысының батысында күндіз жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде қар жауып, боран соғып, күндіз негізінен қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Күндіз облыстың бірқатар бөлігінде жаңбыр, таулы өңірлерде нөсер жауын жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың бірқатар аумағында тұман күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары