Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов румыниялық «Петролул» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Шабуылшы Абат Айымбетов «Петролул Плоешти» футбол клубымен маусымның соңына дейін келісімшарт жасасып, біздің команданың ойыншысы атанды», – делінген румыниялық клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарда.
30 жастағы Абат Айымбетов Қазақстан құрамасы сапында 45 ойын өткізіп, 9 гол салды.
Абат оған дейін түркиялық «Адана Демирспор», алматылық «Қайрат», ресейлік «Самара», «Астана» мен «Ақтөбе» клубтарында доп тепкен.