40 жастан кейін буынды құртатын әдеттер

/
40 жастан кейін буынды құртатын әдеттер
сурет: istockphoto.com

40 жастан кейін буындар бұрынғыдай төзімді болмайды. Күнделікті қалыпты көрінетін кейбір әдеттер уақыт өте келе қозғалысты шектеп, өмір сапасын төмендетуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Буындардың ең қауіпті «жауы» – аз қимылдау. Ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу, көлік жүргізу немесе үйде қозғалыссыз отыру буындарға зиян. Себебі буынды қорғайтын және майлайтын синовиальды сұйықтық тек қозғалыс кезінде ғана бөлінеді. Қимыл азайса, шеміршек дұрыс қоректенбейді, бұлшықеттер әлсірейді, байламдар икемсіз болады. Ал күні бойы отырып, кейін кенеттен күш салу буындарға қатты соққы береді.

Алғаш қарағанда пайдалы көрінетін спорт та зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе техника сақталмаса. Мысалы, әуесқой жүгірушілер аяқтарын өкшемен қою арқылы тізеге артық соққы түсіреді. Фитнес залдарында тез нәтиже қуалау ауыр салмақ көтеруге әкеліп, қозғалыс биомеханикасын бұзады. Мұның бәрі буындардың тозуын жылдамдатады.

Тұрмыстық жүктемелер де қауіпсіз емес. Ауыр затты бір қолмен көтеру, үй жинағанда немесе бақшада жұмыс істегенде күрт бұрылу, ұзақ уақыт тізерлеп отыру буындарға біркелкі емес салмақ түсіреді.

Тағы бір зиянды әдет – ағзаның белгілерін елемеу. Ауырсыну, сықырлау, таңертеңгі сіресу – «жасқа байланысты қалыпты жағдай» емес. Бұл – дәрігерге қаралу керек деген белгі. Ауырсынуды тек дәрімен басу мәселені тереңдете түседі.

Буын саулығы тамақтануға да тікелей байланысты. Ақуыздың, омега-3 май қышқылдарының, D дәруменінің жетіспеуі және суды аз ішу тіндердің қалпына келуін қиындатады. Су жетіспегенде буын сұйықтығы қоюланып, қорғаныш қызметін нашар атқарады.

Соңында аяқ киім мәселесі. Биік өкшелі аяқ киім немесе табаны мүлде тегіс кедалар жүру биомеханикасын бұзып, тізе, жамбас және белге артық салмақ түсіреді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары