Темірлан Анарбеков пен Олжас Байбек ректор грантын иеленді

Темірлан Анарбеков пен Олжас Байбек ректор грантын иеленді
Қазақ спорт-туризм академиясы

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Арнайы өткен кездесуде грант иегерлеріне сертификаттар тапсырылып, жас спортшылардың болашағына зор сенім білдірілді. Академия басшылығы бұл бастаманың жастарды қолдау бағытындағы мемлекеттік саясатпен үндес екенін атап өтті.
Өз сөзінде Академия өкілдері спортта да, білімде де үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге әрдайым қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Айта кету керек, Академия Президенті Қайрат Закирьянов жоғары жетістікке жеткен жас спортшыларды тұрақты түрде қолдап келеді. Бұған дейін дәл осындай ректор гранты «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға табысталған болатын.

"Қазақ спорт және туризм академиясы – талай саңлақ спортшыларды түлеткен білім ордасы. Бүгінгі бастама – сол игі дәстүрдің заңды жалғасы әрі ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.
Бұл кездесу білім мен спортты қатар дамытудың, дарынды жастарды ынталандырудың және болашақ чемпиондарға сенім артудың жарқын үлгісіне айналды", – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары