"Сұр шұлығым хит болған кез": Жахан Отарғалиевтің жұбайы желіде жазба жариялады

/
"Сұр шұлығым хит болған кез": Жахан Отарғалиевтің жұбайы желіде жазба жариялады

Танымал әзілкештің жары Ақтолқын Сейт әлеуметтік желіде белсенділігін арттыра бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол екі күн бұрын күйеуімен түскен видеоны жүктеген. Ал бүгін алғаш рет ел назарына қалай іліккенін есіне алды.

"Сұр носкиім хит болған кез. Сразу қалай табасындар осы? Сол қызық. Жахан осы видеоны салған күні маған келді ғой бәрі", - деп жазды ол.

Оның бұл жазбасын желі қолданушылары пікірсіз қалдырмаған.

"Ақтолқын, мен сіз үшін өте қуаныштымын. Сізді 3 жыл бұрын көргендегіден қатты өзгергенсіз. Сіз бақытты болуға лайықтысыз. Жезқазғанның қыздары мықты", "Мәңгі бақытты болыңыздар!", - деп жазды көпшілік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары