Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды

/
Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды
instagram/syr_sporty

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алмас Дәулетярұлы  – Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.

10.02.2025 жылдан бастап – Басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер;
12.06.2025 жылдан бастап – Басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметтерін абыройлы атқарды.

Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары