Ақмола облысында құны 332 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды

/
Ақмола облысында құны 332 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com

Прокуратура Біржан сал ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Біржан сал ауданында жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы өзекті – мәселелердің бірі.

Осыған байланысты 2025 жылдан бастап Біржан сал ауданының прокуратурасы «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару» жобасын іске асырып жатыр.

Қадағалау іс-шаралары барысында жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, Жер кодексінің талаптарын бұзған жер пайдаланушылар анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 332,5 млн теңгені құрайтын 23,3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жерлерді адал тұрғындар мен бизнес субъектілеріне беру ұсынылды.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды ерікті түрде қайтару жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары