Биыл «AMANAT» қандай реформаларға бастамашы болды?

Биыл «AMANAT» қандай реформаларға бастамашы болды?
parlam.kz

Биыл Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері заң жобаларының басым бөлігін әзірлеп, ілкімді істер атқарды. 2025 жылы Фракция мүшелері 88 заң жобасына бастамашылық етіп, оның 46-ына қол қойылған. Ол заңдартың тек біреуі қайтарылған, алтауы қабылданып, Сенатқа жолданды. Бүгінде 35 заң жобасы – Мәжілістің қарауында. Осы ретте Turkystan.kz биыл фракция мүшелерінің бастамасымен қабылданған әрі Мәжіліс, Сенат қарауында жатқан заңдар тізбегіне шолу жасады.

Жаңа заң – жаңа ереже

Президент «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Фракция мүшелері бастамашылық еткен жаңа заңның мақсаты – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманы жетілдіру, пайдалануға берілмеген, салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алуға ипотекалық қарыз беруге тыйым салуды енгізу, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватаксиді енгізу.

Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Фракция мүшелерінің бастамасымен қабылданған аталған заң пәтер иелері кооперативтерінің қызметін басқару субъектісі ретінде реттеу, оларды қайта тіркеу тәртібін айқындау, құқық белгілейтін құжаттаманы беру тәртібін енгізуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қараша күні «Жасанды интеллект туралы заңға» қол қойды. Фракция мүшелерінің ұсынысымен әзірленген, 7 тарау және 28 бапты қамтитын жаңа заңның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын (жүйелерін) пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеу. Дәл сол күні «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойылды. Аталған заңның негізгі міндеттері – жасанды интеллекттің көмегімен өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Сонымен қатар Президент «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Фракция мүшелері Екатерина Смышляева, Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Асхат Аймағамбетов, Павел Казанцев, Сергей Пономарев, Үнзила Шапақ бастамашылық еткен бұл заң ЖИ жүйелерінің меншік иелерінің немесе оларға иелік етушілердің ЖИ генеративтік жүйесі қызметінің жаңылыстыруы мүмкін синтетикалық нәтижелері туралы пайдаланушыларды хабардар етуін қамтамасыз етпеу мақсатында әзірленді.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Фракция мүшелері, Асхат Аймағамбетов, Жұлдыз Сүлейменова бастамашылық еткен бұл маңызды заң заңның алғашқы бөлігінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтық қорғалу тетіктері күшейтілген. Енді баланы асырап алу немесе оған қамқоршылық орнату құқығы, бірінші кезекте, оның туыстарына беріледі, ал ондай туыстары болмаған жағдайда – заңды некедегі азаматтарға ұсынылады. Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және балалардың құқықтарын қорғау салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібі нақтыланды. Білім беру саласына қатысты түзетулер бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын рейтингтік бағалау әдістемесіне негізделген саралау жүйесі енгізіледі. Бағалау ережелерін тиісті салалық министрліктер бекітеді. Мәдениет саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 200 және одан көп көрермен қатысатын концерттерде вокалдық фонограмма қолдануға шектеу қойылады. Мұндай фонограмма тек тележобаларда немесе концерт өткізуге арналмаған орындарда ғана пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, көрермендерді фонограмманың қолданылатыны туралы алдын ала хабардар ету талабы заңда нақты көрсетілген.

Сенатқа жолданған жобалар қандай?

Биыл Сенатқа жолданған жобалардың арасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бар. Фракция мүшелері аталған заңды индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында әзірлеген.

Одан бөлек 19 қараша күні «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Бұл заңның мақсаты – Мемлекет басшысының археологиялық қызметті ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру.

Тағы сол күні жолданған заң – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Фракция мүшелері Еділ Жаңбыршин, Бақытқожа Ізмұхамбетов, Cамат Мұсабаев, Тимур Қырықбаев бастамашылық еткен жұмыс тобы әзірлеген аталған заң көмірсутектерді барлау мен өндіруге басым құқық беру арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттің уран саласындағы мүдделерін қорғауды көздейді.

Сондай-ақ, 3 желтоқсан күні «ҚР Цифрлық кодексі» туралы заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Бұл заң жобасы адам мүдделерінің басымдығына, цифрлық ортада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Сонымен қатар, дәл сол күні «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Сенат қарауына жолданды. Заң жобасының негізгі мақсаты – 137 заңнамалық актіні ҚР жаңа Цифрлық кодексінің жобасына сәйкестендіру. Онымен қоса, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенатқа жолданды. Мұнда қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін артық құжаттар мен мәліметтерді талап ету сияқты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

17 желтоқсанда «ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң Сенат қарауына ұсынылды. Асхат Аймағамбетов, Нартай Сәрсенғалиев, Елнұр Бейсенбаев, Айна Мысырәлімова бастаған жұмыс тобы әзірлеген заң жобасы медицина қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің кәсіби қызметін қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

10 желтоқсанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Сенатқа жолданды. Заң жобасы коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік субсидияларды және басқа да өтеусіз көмекті толық игеруін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл 100% мемлекетке тиесілі және бір уақытта электр энергиясын, жылу энергиясын және суды өндіретін кәсіпорындарға қатысты.

Мәжіліс қарауындағы заңдар

Биыл «AMANAT» фракциясының депутаттары бастамашылық еткен 22 заң жобасы – Мәжіліс қарауында.

Олар:

1. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

3. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

5. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

6. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

7. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

8. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

9. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бағбандық шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

10. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

11. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

12. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

13. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

14. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

16. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік құралдары иелерінің, тасымалдаушыларының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

17. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы.

18. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

19. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы.

20. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

21. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

22. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Министрліктер қандай заң жобаларын ұсынды?

2025 жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне жəне оған ілеспе заңға қол қойды. Кодекс салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, салық төлеушілерге қызмет көрсетудің сервистік моделіне, салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру үшін оларға талдау жүргізуге, сондай-ақ Мемлекет басшысының салықтардың, жеңілдіктердің санын азайту, салық есептілігін оңайлату, салық мөлшерлемелерін саралау, инвестицияларды ынталандыру, арнайы салық режимдерін реформалау жөніндегі негізгі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл кодекс 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Одан бөлек, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Бұл заңға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін енгізу, жеке тұлғаларды дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу үшін шекті ұлғайту, заңды тұлғаларды, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін, салық және кедендік берешек болған кезде дара кәсіпкерді тіркеуді қатаңдату, салық базасының бұлыңғырлануына және салық салу астынан пайданы шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, инфлюенсердің кірістерін әкімшілендіруге қатысты түзетулер енгізілді.

Президент 12 маусымда «Аквашаруашылық туралы» заңға қол қойды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі, С.Пономарев бастаған Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті әзірлеген аталған заң аквашаруашылықты орнықты дамыту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді құру, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемін ұлғайтуды көздейді. Сонымен қатар, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Заңмен Жер, Орман, Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізілді.

Мемлекет басшысы 30 маусымда «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар туралы» заңға қол қойды. Заң эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдың) қызметін реттеуге бағытталған. Ол эндаумент қорын Мақсатты жарналар арқылы қалыптасатын мүліктің бөлігі ретінде анықтайды және оның активтерін (ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік) аударады. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, жұмыс тобының жетекшісі Жұлдыз Сүлейменова бастаған топ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңның қабылдануына мұрындық болды. Эндаумент қорларының анықтамалары «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және «Қайырымдылық туралы» заңдарда өзектендірілген. Білім беру ұйымдарына студенттер мен ғалымдарды ынталандыру үшін эндаумент қорларын құру құқығы берілген. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудан түскен табыстардың бір бөлігін эндаумент-қорларға беру туралы, сондай-ақ эндаумент-қорлардың міндетті сыртқы аудиті туралы норма енгізілді. Кентау қаласы мен оған іргелес ауылдар дағдарыс алдындағы экологиялық аймақ ретінде танылды.

Биыл қабылданған тағы бір маңызды заң – ҚР аумақтық қорғанысы туралы заң. Заң аумақтық қорғаныстың құқықтық негіздерін, оның мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын айқындайды, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың өкілеттіктерін және олардың жауапкершілігін бекітеді. Одан бөлек, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң да қабылданды. Өзгерістер мен толықтырулар ҚР 2 кодексіне және 14 Заңына енгізіледі. Қатынас жолдарын техникалық жабуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындауға, «әскери қатынастар органдары» ұғымын енгізуге, байланыс жолдарын техникалық жабу бөлігінде Қорғаныс министрлігінің құзыретін нақтылауға, аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тәртібін нақтылауға қатысты өзгерістер енгізілді.

14 шілде күні Мемлекет басшысы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты Заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл заң мемлекеттік базалық медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды, жұмыссыздар мен дағдарыс жағдайындағы адамдар үшін медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ МӘМС жүйесіне мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгертуді көздейді. 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне маңызды өзгерістер күшіне енеді. Келесі жылдан бастап сақтандырылған азаматтар жоспарлы медициналық қызметтерді толық ала алады. Бүгінде Қазақстанда 17 млн адам, яғни халықтың 82%-дан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 12 миллионнан астамы жеңілдік берілген санатқа жатады. Ал 4,5 млн азамат жарнаны өз бетінше төлейді. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап МӘМС пакеті кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы, ревматизм сияқты созылмалы дерттер бойынша медициналық қызметтер енгізіледі.

17 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға» қол қойды. Аталған заң астана мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар, қолжетімді ортаны қамтамасыз етуді қоса алғанда, абаттандыру жөніндегі нормаларды жетілдіру, дизайн кодын енгізу және оны сақтау бойынша жергілікті органдардың құзыреттерін нақтылау, қоғамдық орындарда көшедегі аудио жарнамаларға және тротуарларда/автожолдарда сыртқы жарнамаларға тыйым салуды қоса алғанда, жарнамалық қызметті реттеуді көздейді.

Осы көрсеткіштерді ескере отырып, үкіметтік қарыздың деңгейі 2026 жылы ЖІӨ-нің 21,4%-ын құрап, 2028 жылға қарай 19,6%-ға дейін төмендейді деп болжануда.

Мәжіліс пен Сенат депутаттары аталған заңға маңызды түзетулер енгізді. Мәжіліс депутаттарының түзетуімен, жылу, электр энергетикасын, газ және сумен жабдықтауды дамытуға, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарына қосымша 30 млрд теңге және 16,5 млрд теңге (барлығы 46,5 млрд теңге) бағытталды; бастапқыда Қаржы Министрлігінің «Жаңа бастамаларға арналған шығыстар» бағдарламасы бойынша өндірісті дамытуға, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттыруға жұмсаған шығындарының құрамында 1 трлн теңге қайта бөлінді; мемлекеттік органдар арасында қайта бөлудің жалпы сомасы –1 429,7 млрд теңге.

Сенат депутаттарының түзетуіне сәйкес, өңірлерге субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайды; 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 млрд теңге бағытталды (жылу және электр энергетикасы, газбен жабдықтау, жағалауды нығайту жұмыстары және т.б.), өңірлерді қосымша қаржыландыру көздері Үкіметтің резервін және үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар айқындалды; әр түрлі мемлекеттік органдар арасында 79 млрд теңге, ал бюджеттік бағдарламалар арасында бір мемлекеттік органның ішінде 73,4 млрд теңге қайта бөлінді.

Сондай-ақ, 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің кірістерінің болжамы жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қолданысқа енгізілетіні ескеріле отырып қалыптастырылды. Республикалық бюджеттен өңірлік бюджеттерге 2026 жылы 5 трлн 137 млрд 567 млн 833 мың теңге, 2027 жылы 6 трлн 357 млрд 838 млн 886 мың теңге, 2028 жылы 6 трлн 796 млрд 559 млн 470 мың теңге бөлу көзделіп отыр. Ал облыстық бюджеттен және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2026 жылы 8 79 947 069 теңге, 2027 жылы 1 079 818 403 теңге, 2028 жылы 1 400 607 718 теңге көлемінде қаражат алынбақ.

Одан бөлек, Мәжілістен мақұлданып, Сенатқа жолданған бірқатар маңызды заң жобалары бар. Олардың қатарында ҚР Құрылыс кодексі, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚР-дағы банктер және банк қызметі, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары