"Асыға күттік": Актер Әбілмансұр Серіков отбасына қатысты қуанышты хабарды жеткізді (ФОТО)

/
"Асыға күттік": Актер Әбілмансұр Серіков отбасына қатысты қуанышты хабарды жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен жұбайы Гүлия Ұзақбаева перзентханада сәбиімен бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары жылы кадрларға сүйсініп, құттықтауын жаудырды.

"Асыға күткен кездесу", – делінген суреттің сипаттамасына.

Жарияланған суреттерден Әбілмансұр Серіков пен Гүлия Ұзақбаеваның жаңа туған сәбиді қолдарына алып тұрғанын көруге болады. Жас ата-ана кішкентай қыздарына мейірлене қарап, қуанышты сәтін бөліскен. Басқа кадрларда актерлер жақын адамдарымен бірге түскен.

Жарияланған суреттер 65 мыңға жуық лүпіл жинаған.

Желі қолданушылары пікір қалдырып, жас ата-ананы құттықтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары