Алматы облысының Талғар ауданында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, жол апаты болды. Оқиға сәті бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кадрлардан автобустың бұрылып жатқан сәтінде оған жүк көлігі келіп соғылғанын көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 26 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 14-шақырымында болған.
Полиция дерегіне сай, SAZ автобусының жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан “КамАЗ” көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Апат салдарынан көлік құралдарына зақым келген. Автобус ішіндегі жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші жауапкершілікке тартылды.