Кортеж бен бітіру кешінен бас тартқан түлектер ауыр дертке шалдыққан досына көмектесті

/
Кортеж бен бітіру кешінен бас тартқан түлектер ауыр дертке шалдыққан досына көмектесті
видеодан скриншот

Маңғыстау ауданындағы "Мекерия Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 11-сынып түлектері көпке үлгі боларлық шешім қабылдады. Олар мектеп бітіру кеші мен автошеруге жұмсалатын қаражатты ойын-сауыққа емес, ауыр дертпен күресіп жатқан жас түлекке көмек ретінде аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түлектер мен ата-аналар бірлесе отырып, мерекелік іс-шараларға жоспарланған қаржыны осы мектептің 2025 жылғы түлегі Әділғали Айдынның еміне бағыттаған. Қазіргі уақытта ол ауыр сырқатпен күресіп жатыр.

Әдетте мектеп бітіру маусымында сәнді кортеж ұйымдастырып, мейрамханада салтанатты кеш өткізу жиі кездеседі. Алайда маңғыстаулық түлектер бұл жолы өзгеше таңдау жасап, қуанышты сәтте мұқтаж жанға қолдау көрсетуді жөн көрген.

Олардың бұл қадамы білім ордасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жастардың жанашырлық пен жауапкершілікті жоғары қоятынын көрсетті.

Мектеп әкімшілігі түлектер мен ата-аналардың бастамасын қолдап, олардың адам тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары