Бибісара Асаубаева Норвегиядағы беделді турнирде әлем чемпионын жеңді

/
Бибісара Асаубаева Норвегиядағы беделді турнирде әлем чемпионын жеңді
Yousef Masoud/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінде әлем чемпионын жеңіп, көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бибісара Асаубаева Қытай өкілі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен кездесті. Негізгі партия тең аяқталғаннан кейін шахматшылар қосымша кезеңде бақ сынады.

Шешуші ойында қазақстандық шахматшы жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайта түсті.

"Бибісара Асаубаева әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңгеннен кейін 1,5 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды", – деп мәлімдеді турнир ұйымдастырушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары