Голивудтың тосын бетбұрысы: Disney ЖИ компаниясына $1 млрд салды

/
Голивудтың тосын бетбұрысы: Disney ЖИ компаниясына $1 млрд салды
сурет: istockphoto.com

Walt Disney Company OpenAI-ға 1 млрд доллар инвестиция салып, нейрожелілерге Marvel, Pixar және Star Wars әлемдеріндегі 200-ден аса кейіпкерді лицензиялық негізде қолдануға рұқсат беретін келісім жасасты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қадам Голливуд үшін бетбұрыс болуы ықтимал. Соңғы жылдары студиялар өз интеллектуалдық меншігін қорғау үшін күресіп келді, алайда OpenAI сияқты платформалардың таралуы иллюзиялық шектеулерді бұза бастады. Жаңа модель бойынша, студиялар енді бұған қарсы тұрудың орнына, IP-негіздегі лицензиялау арқылы табыс табуды жөн көріп отыр.

Disney+ 2026 жылдан бастап Sora генеративті платформасында жасалған «фан-видео» контентін орналастыруға мүмкіндік бермек. Компания ұсынған мысалдарда өз жарық қылышымен тұрған Star Wars жанкүйері, теңіз толқынында Stitch-пен бірге серфинг жасаған қолданушы және Cars әлемінің көлігімен қатар старт сызығында тұрған жанкүйер бейнеленген.

Сарапшылардың пікірінше, Disney-дің бұл шешімі Sora платформасына индустрия ішінде қосымша легитимдік береді. Ашықтыққа бейім емес, бренд беделін қатты қорғайтын студияның мұндай серіктестікке баруы – технология нарығының жылдам өзгеріп жатқанын көрсететін белгі.

Сонымен бірге, келісімнің шығармашылық индустрияға ұзақ мерзімді әсері туралы сұрақтар да туындауда. AI көмегімен қысқа видеолар жасау қарапайым тұтынушылар үшін жаңа мүмкіндік ашқанымен, бұл дәстүрлі анимация өндірісінің экономикалық моделін қайта қарауды талап етуі мүмкін.

Әзірге Disney үшін басты мақсат — нарықтық трендті өз пайдасына бұру. Ал Голливудтың қалған бөлігі осы үлгіні қайталауға дайын ба, ол жақын уақытта белгілі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары