Темірлан Анарбеков Килиан Мбаппені басып озып, Еуропаның үздік ойыншысы атанды

Темірлан Анарбеков Килиан Мбаппені басып озып, Еуропаның үздік ойыншысы атанды
"Қайрат" ФК

Ұлттық құраманың және алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков SofaScore статистикалық порталындағы Чемпиондар лигасында үздік ойыншылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейтинг басында тұрған Анарбековтың көрсеткіші – 8,90. Екінші орында тұрған ПСЖ ойыншысы Дезери Дуэнің рейтинг көрсеткіші – 8,50. Ал әйгілі «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенікі – 8,33.

Анарбеков кеше «Астана-Аренада» грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы өткен ойында алаңға капитан белгісімен шыққан-тын. Командасы грекиялық клубтан 0:1есебімен жеңілгенімен, ойын барысында 8 сейв жасаған Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша кездесудің үздік ойыншысы атағына лайық деп танылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары