"Әлі зейнетке шыққысы жоқ": 95 жастағы америкалық азамат ең кәрі автобус жүргізушісі атанды

/
"Әлі зейнетке шыққысы жоқ": 95 жастағы америкалық азамат ең кәрі автобус жүргізушісі атанды
сурет: guinnessworldrecords.com

АҚШ Техас штатындағы Уичито-Фолс қаласының тұрғыны Рэймонд Хейгер 95 жасында әлемдегі ең кәрі автобус жүргізушісі атанды. Бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабында тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хейгер автобустарды 1998 жылдан бері жүргізіп келеді және сол уақыт ішінде мыңдаған жолаушыны тасымалдаған. Жүргізуші жұмысты жақсы көреді және әлі зейнетке шығатын ойы жоқ.

Ай сайын медициналық тексерістен өтіп, денсаулығы жұмысқа жарамды екенін растатады.

Хейгердің мэриядағы құрметіне арналған рәсімде қала басшысы Тим Шорт оның өмірлік энергиясы мен табандылығы үлгі екенін атап өтті. Осы күні қалалық билік Рэймонд Хейгердің туған күнін ресми түрде «Рэймонд Хейгер күні» деп жариялады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары