Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев «Парасат» орденін алғанына таңырқағанын айтты. Ол бұл марапат күтпеген сый болғанын айтады, , деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл марапатты алғаныма өзім де таңғалып тұрмын. Бір жерде мекемеде жұмыс істемесем... Істемегеніме қанша жыл...Уақытында жұмыс істегенмін. 1995-96 жылдары «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде істедім. Одан кейін жеке шығармашылық жолмен келе жатқан жанмын. Мен мекемелер атаққа ұсынатын сияқты деп ойлаушы едім. Бірінші кезеңде үлкен филармониялар, «Қазақконцерт», консерватория ұстазы...бізде түрлі оркестр бар ғой. Қаншама дәстүрлі театрлар бар. Музыка жағын ғана айтып жатырмын, әртістік, актерлық өз алдына. Мен тек ұжымның атынан ұсынғандарды ғана електен өткізеді деп ойлаушы едім. Министрлік пе екен, Президент Аппараты ма екен... Маған ұнағаны – Мәдениет министрлігі кейінгі кезде жастарды көп тартып жатқан сияқты. Олар өздерін ойларын айтып, ортаға салып, електен өткізеді. Ал менің жуырда теледидарға берген сұхбатымды естіген шығар. Өкпе-назым емес, марқайып-шалқайып, емін-еркін жүргенімді айтқан едім. «Үкіметке, мемлекетіме еш салмақ салмаймын. Еш зияным жоқ әншілердің бірімін. Құдайға шүкір деп жүрмін» деп айтқанмын. Мүмкін, соны естіді ме екен, біреулер құлаққағыс ғып жеткзіді ме екен?», – дейді әнші Qazaq AIRAN-ға берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Медеу Арынбаев жуырда Президент қолынан «Парасат» орденін алған болатын.