Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

/
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Ақорда

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ 14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады.

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары