Еркін күрес шебері Ералы Әскербек жасөспірімдер Азиадасында қола медаль иеленді

/
Еркін күрес шебері Ералы Әскербек жасөспірімдер Азиадасында қола медаль иеленді
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ералы Әскербек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақ балуаны 65 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз шешуші белдесуде қытайлық Чаншин Умен кездесті. Нәтижесінде Ералы Әскербек айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бұған дейін ауыр атлет Нұржан Жұмабай күміс жүлдегер атанған еді. Ал оған дейін қазақстандық жүзгіш Федор Диденко қола медаль иеленген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары