Ким Кардашьян шоу-бизнесті тастап, адвокат болмақ

/
Ким Кардашьян шоу-бизнесті тастап, адвокат болмақ
сурет: KARWAI TANG/WIREIMAGE

Лондондағы The Graham Norton Show эфирінде Ким Кардашьян алдағы екі аптада адвокат мәртебесін ресми алуы мүмкін екенін айтты. Ол соңғы алты жыл бойы Калифорниядағы Law Office Study Program аясында оқып, 5 000 сағаттан астам тәжірибеден өткенін жеткізді. Нәтижелері жақында белгілі болады, деп хабарлайды turkystan.kz dexerto.com-ға сілтеме жасап.

Кардашьян 2018 жылдан бері қылмыстық әділет реформасына қатысты істермен айналысып, 2021 жылы «baby bar» емтиханын тапсырған. Егер финалдық бар емтиханынан өтсе, Калифорнияда заңды түрде қызмет көрсетуге құқылы болады.

Ол он жыл ішінде «Ким K» рөлінен толықтай алыстап, сот залындағы адвокаттыққа ден қоятынын жеткізді:

«Екі аптадан соң оң шешім шығады деп үміттенемін. Он жыл ішінде атақ-даңқтан бас тартып, процеске шығатын адвокат болғым келеді», – деді ол.

Бизнес жобаларымен қатар Кардашьян актерлік қызметін де жалғастырып жатыр. Биыл Сара Полсонмен бірге түсіріліп жатқан All’s Fair атты заң драмасында ойнайды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары