Алматыда 18 жастағы бойжеткен 9-қабаттан құлап кетті

/
Алматыда 18 жастағы бойжеткен 9-қабаттан құлап кетті
видеодан скриншот

Оқиға Жетісу ауданындағы Raiymbek тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желілерде көрші үйдің тұрғыны түсірген оқиға орнындағы бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«18 жастағы қыз мас күйінде 9-қабаттан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол тек іш киіммен болған және оқиға алдында құрбысымен бірге алкоголь ішкен», – деп хабарлады Kris_p_almaty Telegram арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, құлағаннан кейін қыз тірі болып, қатты ауырудан айқайлаған.

«Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл факті бойынша суицид жасауға әрекет ету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары