"1 000 рет тегін тамақ ішкен": Жапон азаматы тамақ жеткізу жүйесін екі жыл "алдап келген"

/
"1 000 рет тегін тамақ ішкен": Жапон азаматы тамақ жеткізу жүйесін екі жыл "алдап келген"
сурет: istockphoto.com

Жапонияда 38 жастағы ер адам тамақ жеткізу қызметінің жүйесіндегі осал тұстарды пайдаланып, екі жыл бойы ақысыз 1000-нан астам тапсырыс жасаған. Бұл әрекеттердің салдарынан компания 3,7 миллион иеннен (шамамен 24 мың АҚШ доллары) астам шығынға ұшыраған, деп хабарлайды turkystan.kz Japan Times-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы – Нагоя қаласының тұрғыны Тацуя Хигасимото. Ол 124 түрлі жалған аккаунт ашып, әрқайсысына жалған ат пен мекенжай тіркеп, жеткізілген тағамдар «келмеді» деп көрсетіп, ақшаны қайтарып алып жүрген.

Соңғы алаяқтық әрекеті 30 шілдеде тіркелген: ол Demae-can қосымшасында жаңа аккаунт ашып, балмұздақ, бенто және тауық стейктерін тапсырыс берген. Тағам жеткізілгеннен кейін Хигасимото чат арқылы «тапсырыс келмеді» деп хабарлап, сол күні-ақ 16 мың иен (шамамен 105 доллар) көлемінде өтемақы алған.

Тергеу барысында ер адамның бірнеше жыл бойы жұмыссыз жүргені анықталды. Ол жеке деректерді жасыру үшін алдын ала төленген мобильді нөмірлерді қолданған және аккаунттарын бірнеше күн ішінде өшіріп отырған.

Полиция мәліметінше, Хигасимотоның айласы анықталуы қиын болған, себебі ол әр тапсырыстан кейін жаңа аккаунт ашып, жүйеге қайта тіркелген.

Қазір ол алаяқтық бабы бойынша қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары