Кристин Лагард Еуропа орталық банкі басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кетеді

/
Кристин Лагард Еуропа орталық банкі басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кетеді

Еуропа орталық банкі (ЕОБ) президенті Кристин Лагард 2027 жылғы 7 ақпанда қызметінен кетеді. Бұл оның сегіз жылдық өкілеттік мерзімі аяқталуына шамамен тоғыз ай қалғанда жүзеге аспақ. Банк бұл туралы бейсенбі күні мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

ЕОБ хабарлауынша, Лагард өз шешімін пайыздық мөлшерлемелерді белгілейтін Басқарушы кеңеске және Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштаға жеткізген. Басқарушы кеңес оның қызметіне алғыс айтып, қошеметпен шығарып салған.

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен де Лагардқа алғыс білдірді. Оның айтуынша, COVID-19 пандемиясы мен Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде Лагардтың басшылығы Еуропа экономикасының тұрақтылығы мен төзімділігін сақтауға көмектескен.

Лагард Еуропалық орталық банк президенті қызметіне 2019 жылғы қарашада кіріскен. Оның өкілеттік мерзімі 2027 жылдың күзінде аяқталуы тиіс еді. Қызметінен мерзімінен бұрын кетуі еуроаймақтың ақша-несие саясатына жетекшілік ететін жаңа басшыны тағайындау үдерісін ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары