Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты

/
Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты
ТЖМ

Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жеті адамды аман алып қалды. Құтқарылғандардың арасында кішкентай бала да бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Атырау қаласындағы Әуезов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бес қабатты ғимараттың екінші және үшінші қабаттарындағы балкондардан өрт шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жеткен. Түтін басқан аумақта жұмыс істеу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмылдырылған. Құтқарушылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ғимарат ішіндегі адамдарды сыртқа шығаруға кіріскен.

Нәтижесінде жеті адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақыт ішінде толық сөндірілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары