Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 540,06 теңге болып, 1,39 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 қазанға арналған ресми бағамы – 541,63 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 541,28 теңге, ал сату бағамы – 543,47 теңге. Астанада долларды орта есеппен 538,72 теңгеден сатып алып, 544,72 теңгеден сатады.
Еске салайық, 6 қазан күнгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,79 теңгеге, ал 7 қазанда 3,63 теңгеге төмендеген болатын.