Жапонияда анасы 20 жыл бойы қызының денесін тоңазытқышта сақтаған

/
Жапонияда анасы 20 жыл бойы қызының денесін тоңазытқышта сақтаған

Жапонияның Ибараки префектурасында елді дүр сілкіндірген оқиға болды. 75 жастағы Кейко Мори қызының денесін 20 жылдан астам уақыт бойы тұрмыстық тоңазытқышта сақтағанын мойындап, ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Al Arabiya агенттігі бұл туралы бүгін жапон полициясы мәлімдегені жайында жазды.

23 қыркүйекте қарт әйел туысының еріп жүруімен полиция бөліміне келіп, адам шошырлық мәлімдеме жасаған. Мори өзінің үйіндегі мұздатқышта 1975 жылы туған қызы Макиконың денесі жатқанын айтқан.

Оқиға орнына келген тергеушілер қорқынышты жайтқа куә болды. Футболка мен іш киім киген, тізерлеп еңкейген қалыптағы әйелдің денесі мұздатылған күйде табылды.

Кейко Мори түсініктемесінде тоңазытқышты арнайы қызының денесін салу үшін сатып алғанын айтып, мұны үйдегі мәйіт иісінен құтылу әрекетімен түсіндірген. Дегенмен, Макиконың нақты қашан және қандай жағдайда қайтыс болғаны, сондай-ақ анасының мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге анықталмаған.

Тергеу органдарының мәліметінше, дене ұзақ уақыт мұздатқышта сақталғанына қарамастан, шіру процесі айтарлықтай алға жылжыған. Макиконың өлім себебі мен уақытын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Белгілі болғандай, ұсталған Кейко Моридің басқа да балалары бар, бірақ полиция олардың нақты санын және әпкелерінің тағдырынан хабардар болған-болмағанын ашып айтпай отыр. Биыл қыркүйек айының басында күйеуі қайтыс болғаннан кейін қарт әйел үйде жалғыз тұрған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары