Мәскеуде дәрігерлер 103 жастағы қарттың денесінің бір бөлігін ауыстырды

/
Мәскеуде дәрігерлер 103 жастағы қарттың денесінің бір бөлігін ауыстырды
сурет: istockphoto.com

Мәскеуде 103 жастағы қартқа жамбастың буын бөлігін алмастыру операциясы жасалды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау департаменті хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Науқастың жамбасы сынып, сүйегі зақымданған. Операциядан кейін ол тірек-қимыл функциясын қайта қалпына келтірді. Келесі күні әйел өздігінен қозғала бастады, ал бірнеше айдан кейін, дәрігерлердің болжамы бойынша, ол толықтай өзі жүре алатын болады.

Больницадағы травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ваагн Папоянның айтуынша, жасы ұлғайған сайын сүйектер жұқарады, сынғыш болады және сынуға бейімделеді. Бұл сүйек тінінің ескі бөлігі жойылып, жаңа сүйек түзілуінен асып кету процесімен байланысты.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары