Канада ғалымдары: Компьютер ойындары ұл балалардың оқуға деген ынтасын төмендетуі мүмкін

/
Канада ғалымдары: Компьютер ойындары ұл балалардың оқуға деген ынтасын төмендетуі мүмкін
turkystan.kz

Канадалық зерттеушілердің айтуынша, 7–10 жас аралығындағы ұл балалар компьютерлік ойындарға көп уақыт жұмсаған жағдайда, мектеп сабақтарына қызығушылығы азаяды. Мұндай қорытынды 1600-ден астам бастауыш сынып оқушыларының деректерін талдау нәтижесінде жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар бұрыннан талқылап келе жатқан мәселе – ойындардың балаларға пайдасы мен зияны туралы пікірлердің әртүрлілігі. Дегенмен, психологтар мен дәрігерлер шамадан тыс әуестенудің салдарына бірнеше рет назар аударған: ол ашушаңдықты арттырып, ұйқыны бұзады, зейін қоюды қиындатады. Сонымен қатар «экран алдындағы артық уақыт» денсаулыққа қауіп төндіреді.

Зерттеу тобы бұл жолы басқа қырын қарастырды: ойындарға әуестік балалардың оқу мотивациясына әсер ете ме? Яғни, белсенді түрде ойнайтын балалардың оқу пәндеріне оқу, жазу, математикаға деген ынтасы төмендей ме? Әлде керісінше, мектепке қызығушылығы аз балалар өзін-өзі жүзеге асыруды ойындардан таба ма?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ғалымдар Quebec Longitudinal Study of Child Development атты ұзақ мерзімді жобаның деректерін пайдаланды. Жобаға 1997–1998 жылдары Квебек провинциясында туған балалар қатысқан. Ғалымдар олардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуын, сондай-ақ мектепке бейімделуін бірнеше жыл бойы бақылаған.

Жаңа талдау үшін 2005, 2006 және 2008 жылдары жиналған деректер қолданылды. Ол кезде қатысушылардың жасы тиісінше 7, 8 және 10 жаста болған. Зерттеуге барлығы 1631 бала (оның ішінде 785 ұл және 846 қыз) енді. Балалардың ойынға бөлген уақыты туралы ақпаратты ата-аналар берсе, ал оқуға деген ынта деңгейін зерттеушілер балаларға тікелей сауалнама жүргізу арқылы анықтаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары