Мәскеудегі Орталық балалар әлемінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны үш адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.
Қалалық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді, біріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
— Орталық балалар дүкенінің үшінші қабатында өрт шықты. Үш адам зардап шекті. Екеуі Склифосовский атындағы институтқа жеткізілді, біріне оқиға орнында көмек көрсетілуде. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, Жедел медициналық көмек орталығы және басқа да қызметтер жұмыс істеп жатыр, — делінген департаменттің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.