Кітап оқуға үндеген жаңа ән

/
Кітап оқуға үндеген жаңа ән
видеодан скриншот

Республика күні қарсаңында елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға және қоғам арасында оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Жаңа туынды кітаптың рухани құндылығын дәріптеп, білімге ұмтылу, ұлттық бірлік пен ұрпақтар сабақтастығы идеяларын насихаттауға бағытталған.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының басты мақ­саты – кітап оқуды күнделікті өмірдің ажыра­мас бөлігіне айналдыру, азамат­тар­дың білімге құштарлығын арттыру және қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, әнұранның Рес­пуб­лика күні қарсаңында таныстырылуының символдық мәні бар. Өйткені білімді, ойлы әрі рухани бай ұрпақ тәрбиелеу – елдің бо­­ла­шағы мен қоғамдық дамуының маңыз­ды негіздерінің бірі. 
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген ән мәтінінде білімнің адам өміріндегі маңы­зы, кітаптың рухани құндылығы жә­не ел болашағы үшін білімді ұрпақ тәр­бие­леу­дің қажеттілігі кеңінен көрініс тапқан. Туын­дыда кітап жаңа идеялар мен тың ой­лар­дың қайнар көзі, адамды үздіксіз із­де­ніске жетелейтін рухани қазына әрі өт­кен мен бүгінді байланыстыратын құнды мұра ретінде сипатталады. Сонымен қатар ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығын сақ­тау, білімге ұмтылу, ортақ мақсат жолында бірігу және ел бірлігін нығайту идеяларына басымдық берілген. Жарық көрген әнұран кітап оқудың жеке адамның дамуына ғана емес, қоғамның рухани өркендеуіне де ық­пал ететінін айқындап, білім мен парасатты жо­ғары бағалайтын ұрпақ қалыптас­тыру­дың маңызын айқындап отыр.
Әннің сөзі мен сазын «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кең­се жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазған. Ал бейнебаянды әзірлеу жұмысы Астана қа­ласындағы Міржақып Дулатұлы атын­да­ғы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп жүзеге асырыл­ды. Туындыны дайындау барысында шығармашылық ізденіс пен заманауи технологиялардың мүмкіндіктері ұштас­тыры­лып, ән мен бейнебаянды әзірлеу үдері­сінде жасанды интеллект құралдары қолданылды. Бұл тәсіл дәстүрлі рухани құн­дылықтарды заманауи цифрлық мүм­кіндіктер арқылы насихаттауға және жо­ба­ның мазмұнын көпшілікке тың фор­мат­та ұсынуға жол ашты.
Жасанды интеллект технологияларын қол­дану жобаның цифрлық форматта ұсы­нылуына мүмкіндік беріп, шығармашылық идея­ларды жүзеге асырудың жаңа тәсіл­дерін көрсетті. Бұл ретте дәстүрлі рухани құндылықтарды заманауи техноло­гия­лар­мен ұштастыру кітап оқу мәдениетін кеңі­нен насихаттауға мүмкіндік береді.
Әнұран мен бейнебаян көпшілік на­зарына цифрлық форматта ұсынылды. Жаңа туынды «Кітап оқитын ұлт» жоба­сы­ның мазмұнын кеңейтіп қана қоймай, кі­тап оқудың маңызын кең аудиторияға жет­кізуге және қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 
Әсіресе, цифрлық контентті белсенді пайдаланатын жастар арасында кітап оқу­ды насихаттау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Ән мен бейнебаянның заманауи форматта ұсынылуы жас буын­ның назарын аударып, оларды кітап әле­міне жақындатуға ықпал етуі мүмкін. 
Кітап оқу мәдениетін дамытуға бағыт­талған мұндай бастамалардың нәтижелі болуы олардың бір реттік іс-шарамен шек­тел­мей, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына байланысты. Бұл ретте оқыр­ман­дарды түрлі шығармашылық және ағар­­­­­тушылық жобаларға тарту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және күн­делікті оқу дағдысын қалыптастыру маңыз­ды рөл атқарады. 
Айта кетейік, «Кітап оқитын ұлт» жоба­сының ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. 2025 жылы Қарағанды және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында пи­лоттық форматта жүзеге асқан бастамаға 189 мыңнан астам адам қатысып, сегіз ай ішін­де шамамен 2 миллион кітап оқылған. Ал 2026 жылы жоба республикалық дең­гейге кеңейтіліп, еліміздің барлық 20 өңі­рін қамтыды. 2026 жылғы қазан айындағы мәлі­мет бойынша, марафонға тіркелгендер саны 1,4 миллионнан асып, онлайн плат­фор­мада 368 мыңнан астам кітап оқылғаны көр­сетілген. Бұл көрсеткіштер қоғамда оқу мә­дениетін кеңінен қалыптастыруға ба­ғыт­талған жобаның маңызы арта түскенін аң­ғартады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар