Балықпен суретке түспек болған 71 жастағы қария қайғылы жағдайға ұшырады

/
Балықпен суретке түспек болған 71 жастағы қария қайғылы жағдайға ұшырады
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Флорида штатында балық аулап жүрген 71 жастағы ер адам аллигатордың шабуылынан қаза тапты. Ол аулаған балығымен суретке түспек болған сәтте жыртқыш аяқ астынан тап берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Флорида штатындағы Доктор Брэдфорд атындағы мемориалдық саябақта болған.

71 жастағы Стивен Гамильтон бұл жерге балық аулауға жиі келіп жүрген. Сол күні де ол әдеттегідей қармағын салып, балық ұстаған.

People басылымының мәліметінше, ер адам аулаған олжасымен суретке түсуге дайындалып жатқан кезде оған аллигатор шабуыл жасаған.

Аллигатор ер адамды су астына сүйреп кеткен

Жыртқыш балықшының аяғынан тістеп, оны суға тартып әкеткен.

Кейін ұзындығы шамамен 3,6 метр болатын аллигатор ер адамды су бетіне шығарғанымен, оны жібермей ұстап тұрған.

Оқиға орнына қауіпті бауырымен жорғалаушыларды аулаумен айналысатын мамандар шақырылған.

Олар аллигаторды ұстап, Стивен Гамильтонды босатып алған. Алайда 71 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Оның Стив болғанынан қорықтым"

Марқұмды саябаққа жиі келетін адамдар жақсы таныған.

Саябақтың тұрақты келушілерінің бірі Коннор Келли WESH телеарнасына берген сұхбатында қайғылы оқиға туралы естіген сәтін баяндаған.

Оның айтуынша, ол үйіне қайтып бара жатқанда аллигатордың адамға шабуыл жасағанын естіген.

"Үйге қайтып бара жатқанда, зардап шеккен адам осы жерде күн сайын кешкісін балық аулайтын қария болуы мүмкін екенін естідім. Жүрегім бірден жамандықты сезді: оның Стив болуынан қорықтым. Өкінішке қарай, солай болып шықты", – деді Коннор Келли.

Стивен Гамильтонмен бірге балық аулауға жиі барған досы да оны еске алып, марқұмның ме

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары