Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын қуатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төрт сағат ішінде өңірде сегіз жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Бакэн уезінде, шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендердің басым бөлігі Тибет автономиялық ауданында тіркелді. Жарақат алған 32 адамның 11-інің жағдайы ауыр, ал 21 адам жеңіл жарақат алған.
Жер сілкінісі инфрақұрылым жұмысына да кері әсерін тигізді. Кейбір аудандарда электр қуаты өшіп, байланыс үзілген. Бұл оқиға орнындағы жағдайды қиындата түсті.
Құтқару қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат нақтылануда.