Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ, біз халықаралық жағдайды да қарастырдық. Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді, – деп жазды ол.