Ұлыбритания билігі 2026 жылдан бастап қылмысты алдын ала болжайтын жасанды интеллект жүйесін іске қоспақ, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми деректерге сүйенсек, жаңа нейрожелі полиция, арнайы қызмет, бейнебақылау камералары және бет-әлпетті тану жүйелерінен алынған ақпаратты талдайды. Алгоритм күдікті аймақтарды картада белгілеп, полицияны сол жерге бірден жіберіп отырады.
Жоба билікке қылмыстың алдын ертерек алуға көмектеседі деп күтілуде. Дегенмен сарапшылар мұндай технология жеке өмірге араласу және азаматтардың құқықтарын шектеу қаупін тудыруы мүмкін екенін де ескертіп отыр.