"Суды үнемдеу үшін": Ұлыбритания үкіметі желідегі ескі фото мен хаттарды өшіруді ұсынды

/
"Суды үнемдеу үшін": Ұлыбритания үкіметі желідегі ескі фото мен хаттарды өшіруді ұсынды
сурет: istockphoto.com

Ұлыбритания үкіметі азаматтарға ескі фотосуреттер мен электрондық пошталарды өшіруді ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми түсіндірмеге сәйкес, дата-орталықтар серверлерді салқындату үшін су пайдаланады, ал деректер аз болса, салқындатуға кететін су да азаяды.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, су мен энергияның негізгі бөлігі процессорлар мен видеокарталардың жұмыс істеуіне кетеді, ал 2015 жылғы селфилерді сақтау жалпы су немесе энергия шығынын айтарлықтай өзгертпейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары