АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі 2025 жылдың 15 тамызында Аляска штатында өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Көптен күткен менің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуім келесі жұмада, 15 тамызда, Аляскада өтеді, – деп жазды америкалық көшбасшы.
Трамп алдағы келіссөздерге қатысты толық мәлімет кейінірек жарияланатынын атап өтті.
Осы күннің басында ол Путинмен кездесудің күні мен орны жақын арада белгілі болатынын мәлімдеп, бұл «ерекше орын» болатынын айтқан еді.