Google өз нейрожелісін жеке репетитор деңгейіне дейін дамытты

/
Google өз нейрожелісін жеке репетитор деңгейіне дейін дамытты
сурет: istockphoto.com

Google Gemini енді нағыз жеке репетитор секілді жұмыс істейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Guided Learning атты жаңа режимінде нейрожелі дайын жауап бермейді, керісінше, оқушыны өз бетінше дұрыс шешімге жетелеуге үйретеді. Бұл режим оқыту процесін қадам-қадаммен түсіндіреді, нақты мысалдар келтіреді, оқушының деңгейіне бейімделеді. Сонымен қатар, видеолар мен схемалар құрастырып, шағын тесттер де береді.

Google бұл тәсіл арқылы оқушының жаттап алу емес, шын мәнінде түсініп, ойлану қабілетін дамытуды көздеп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары