Президенттің шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

/
Президенттің шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Akorda

3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді", — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары