Жұмыссыз қалмау үшін кім болу керек? – Microsoft 3 жылда жойылып кететін 40 мамандықтың тізімін жариялады

/
Жұмыссыз қалмау үшін кім болу керек? – Microsoft 3 жылда жойылып кететін 40 мамандықтың тізімін жариялады
сурет: istockphoto.com

Microsoft компаниясы алдағы 3-8 жылда жасанды интеллекттің әсерінен жоғалуы мүмкін 40 мамандықты атады. Тізімге сөзбен, дерекпен және клиентпен жұмыс істейтін салалар кірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қауіп төніп тұрған мамандықтар

1. Сөзбен және мәтінмен жұмыс істейтіндер

Жасанды интеллект шығармашылықты да, мәтін редакциясын да, аударманы да меңгере бастады. Тәуекел тобына кіретіндер:

  1. аудармашылар мен синхронды аудармашылар
  2. журналистер, репортерлер, редакторлар, корректорлар
  3. жазушылар мен техникалық авторлар
  4. PR және қоғаммен байланыс мамандары
  5. тарихшылар, саясаттанушылар, гуманитарлық пәндер оқытушылары

2. Аналитика мен кеңседегі жұмыс

Дерек талдау мен әкімшілік жұмыстар автоматтандыруға оңай икемделеді. Қауіп төнетін мамандықтар:

  1. маркетинг және деректер аналитиктері
  2. жеке қаржы кеңесшілері
  3. брокерлер, жарнама агенттері, жалға беру клерктері
  4. веб бағдарламалаушылар, телекоммуникация қауіпсіздігі мамандары

3. Клиентпен жұмыс істеу және қызмет көрсету

Кассадағы адамды құрылғы алмастырып жатыр. Бұл топтағыларға оңай соқпайды:

  1. кассирлер
  2. хосттар мен хостессалар, консьерждер
  3. билет сатушылар, туризм менеджерлері
  4. клиенттерге қызмет көрсету мамандары
  5. промоутерлер мен демонстраторлар

4. Техникалық жұмыс пен автоматтандыру

Кейбір өндіріс мамандықтары да сын-қатер аймағында:

  1. станок операторлары
  2. телефон станциялары мен коммутатор операторлары

ЖИ әзірге кімді алмастыра алмайды?

Жасанды интеллект әзірге нақты физикалық еңбекті орындай алмайды. Қауіпсіз аймақтағылар:

  1. бетон құюшылар
  2. протез жасайтын ортопедтер
  3. шатыр жабушылар
  4. ыдыс жуушылар
  5. массажистер
  6. асфальт төсейтін техника операторлары
  7. санитарлар

Не істеу керек?

Бұл үрейленетін емес, ойланатын жағдай. Уақытында мамандық ауыстыру, жаңа дағдылар игеру, жасанды интеллектпен бірлесе жұмыс істеуді үйрену – болашаққа дайындықтың басты жолы. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары