Қазақстан мен Канада инвестиция, энергетика мен саяси бағытта ынтымағын нығайтуға ниетті. Бұл жөнінде Қазақстанның Канададағы Елшілігі мен Бейбітшілік пен дипломатия институтының (IPD) бірлесіп өткізген вебинар-брифинг барысында айтылды.
Іс-шараның басты мақсаты биылғы 29-30 мамырда өткен «Астана халықаралық форумы» мен 4-5 маусымда ұйымдасты-
рылған «Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне» Канада делегацияларының қатысу нәтижелерін қорытындылау болды.
Вебинарға Канада Парламентінің депу-
таттары, федералдық және жергілікті билік өкілдері, іскерлік топтар, зерттеу орталықтары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов пен Канада Елшісі Кристофер Дагган екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас, әсіресе энергетика, тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар тараптар саяси диалогты нығайту Канада бизнесінің Орталық Азиядағы белсенділігін арттыруға сеп болатынын айтты.
Вебинарда сөз сөйлеген Maqsut Narikbayev University өкілі Мирас Жиенбаев қазіргі геосаяси жағдайдағы Қазақстанның сыртқы саясаты мен Астана мен Оттава арасындағы ықтимал саяси серіктестік бағыттарына қатысты көзқарасын бөлісті.
Бейбітшілік пен дипломатия институтының басшысы Юнес Зангиабади мен Онтарио провинциясындағы Садбери қаласы әкімдігінің өкілі Елена Зубудская Астанада өткен форумдарда жасалған нақты уағдаластықтар мен канадалық бизнестің Қазақстандағы белсенді қатысуының маңызына тоқталды.
Сондай-ақ Arras Minerals компаниясының президенті Даррен Клинк Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесін бөлісіп, елдегі инвестициялық ахуалдың шетел кәсіпкерлеріне қолайлы екенін айтты.
Жиында қос тарап алдағы уақытта да экономикалық және саяси саладағы ынтымақты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Вебинар Қазақстан мен Канада арасындағы нақты жобалар мен өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталған ашық диалог алаңы болды.