Әлемдік мұнай бағасы өсті

/
Әлемдік мұнай бағасы өсті
istockphoto.com

Жұма күні әлемдік мұнай бағасы өсті. Oilprice.com мәліметінше, 23 қазан күні таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,34%-ға өсіп, барреліне 113,56 долларды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,46%-ға қымбаттап, барреліне 99,93 долларға жетті.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 3,05%-ға төмендеп, барреліне 101,56 доллар болды.

Нарық қатысушыларының алаңдаушылығын күшейткен факторлардың бірі – Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығыстың ушығуы.

Сауд Арабиясындағы Король Фахд атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан шетелдік азамат қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат алды. Әуежайға шабуыл 21 қазан, сәрсенбі күні кешке болған.

Бұған дейін хуситтердің шабуылдарына байланысты АҚШ Мемлекеттік департаменті Сауд Арабиясындағы АҚШ-тың штаттан тыс мемлекеттік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін елден шығаруға бұйрық бергені хабарланған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары