Франциядағы өнер музейіне келушілердің бірі бағасы шамамен 625 миллион теңге тұратын заманауи өнер туындысын, қабырғаға скотчпен жапсырылған бананды жеп қойған. Бұл көпшіліктің есінде қалған итальян суретшісі Маурицио Каттеланның әйгілі арт-инсталляциясы еді.
Мұражай күзетшісі аптығып қалмай, дүкеннен жаңа банан әкеліп, оны бұрынғы орнына қайта скотчпен жапсырып қойған.
Суретші Каттелан бұл әрекетке жауап беріп: «Жейтін болса, қабығымен әрі скотчымен бірге жеу керек еді», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл өнер туындысы өәлем бойынша қызу талқыланған болатын. Біреулер мұны өнердің құнсыздануы десе, енді біреулер постмодерннің шарықтау шегі деп бағалады.