Таэквондошылар Оңтүстік Кореядағы әлем кубогінде қола жүлде алды

/
Таэквондошылар Оңтүстік Кореядағы әлем кубогінде қола жүлде алды
Olympic.kz

Оңтүстік Кореядағы Чхунчхон қаласында таэквондодан командалық әлем кубогі өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандықтар жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1-2 есебімен жол берді.

Ал, қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2-1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін Әлем кубогына жолдама алды.

Сондай-ақ, әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары