«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін республика аумағының басым бөлігінің күн райын циклон және соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайды. Нәтижесінде елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады, солтүстікте және шығыста дауыл болады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көбінесе күн жауын-шашынсыз болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда Қазақстанның солтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Павлодар облысының батысында, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.